Головкин мен Фрочтың күзде кездесуі ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 16 мамырда Инглвудте (Калифорния штаты, АҚШ) WBA (Super) ижәне WBС (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы Геннадий Головкин 28 жастағы кіші Вилли Монромен (АҚШ) кездескен болатын.
Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, Головкин алдағы уақытта екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Карл Фрочпен Англияда күш сынасуға дайын.
"Эдди Хирн (Фрочтың промоутері) Том Леффлердің (Головкиннің промоутері) жақын силасатын досы болып табылады. Хирнға тек келісімшартты дайындау қажет".
Сондай-ақ Санчес өздерінің Англияға сапарға аттануға әзір екендіктерін де атап өтті. Ол үшін қыркүйекке дейін келісімшарттың жобасы керек. «Мен Том да, Головкин де осындай жекпе-жек үшін өзара ұғысатындарына сенемін. Бұл PPV арқылы көрсетуге тұрарлық айқас болады».