Головкин мен Гилдің жекпе-жегіне екі-ақ мың билет қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин мен Гилдің кездесуіне екі мыңнан да аз билет қалды, деп хабарлайды «KazSport» BoxingScene.com порталына сәлтеме жасап.

Головкин мен Гилдің жекпе-жегіне екі-ақ мың билет қалды

26 шілде Нью-Йорктің басты аренасында WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақта 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин мен орташа салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 33 жастағы австралиялық Дэниэл Гилдің жекпе-жегі өтеді. Кездесуге 3,5 апта қалды, ал сатуға екі мыңнан аз ғана билет қалды. Аталған жекпе-жек үшін Madison Square Garden аренасы 10 мың орынға тағы 3000 люкс орын қосқан болатын.