11:42, 01 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Головкин мен Гонсалес 2016 жылы шаршы алаңға бірге шығуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңілісті білмейтін боксшылар Геннадий Головкин мен Роман Гонсалес келер жылы кем дегенде бір рет бір шоу аясында шаршы алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлады Sports.kz.
Бұл туралы BoxingScene.com-ге К2 Promotions басқарушы директоры Том Леффлер мәлім етті.
«Геннадий мен Роман біріктірсек, сәтті комбинация болады деп ойлаймын. 2016 жылғы алғашқы жекпе-жегімізде осыны жасауға тырысамыз», - деген жоспарымен Леффлер бөлісті. Еске сала кетейік, бұрын Гонсалес Головкин - Монро және Головкин - Лемье бокс шоуларының хедлайнері болған.