Головкин мен Ишиданың кездесуі «Қазақстан» арнасында тікелей эфирден көрсетіледі

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - WBA және IBO-ның орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің кезекті кездесуі жапондық спортшы Набухиро Ишидаға қарсы өтеді.
None
None

Шаршы алаңдағы жекпе-жек 30 наурыз күні Монаконың Монте Карло қаласында болады.

Ишида рингке 116 рет шығып, 101 рет жеңіске жетті. Оның 50-ін нокаутпен аяқтады. 2009 жылдың 30 тамызында қайталау жекпе-жекке Авенданомен шығып, WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы титулын жеңіп алған болатын. Ал 2010 жылы екінші рет титулды қорғауда Ригоберто Альвареске жол берді.

Геннадий Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 19 қаңтар күні «Madison Square Garden» (Нью-Йорк, АҚШ) аренасында өткізді және америкалық Габриэль Росадоны 7-ші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, өзіне тиесілі титулды қорғап қалды.

Головкин мен Ишиданың кездесуін «Қазақстан» арнасының тікелей эфирінен 30 наурыз күні сағат 01:30-да көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар