Головкин мен «Канело» қай күні ашық жаттығу өткізетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя боксшылардың қашан және қайда ашық жаттығу өткізетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин мен «Канело» қай күні ашық жаттығу өткізетіні белгілі болды

Екі боксшының журналистер мен жанкүйерлер үшін ашық болатын жаттығуы 26 тамыз күні Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California стадионында болады. Ол биылдан бастап MLS лигасында өнер көрсететін «Лос-Анджелес» футбол клубының үй стадионы.

«Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.