04:19, 12 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Головкин мен «Канело» промоутерлері үшінші айқасқа орай пікірлерін білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер және Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) промоутері Эрик Гомес үшінші жекпе-жек өткізуге Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaның 2019 жылы 4 мамырға брондалғаны жайлы ақпаратқа байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Біз бұл датаны кейінге шегердік. Олар (Головкиннің командасы) тек топшылайды. Біз «Канело» үшін 4 мамырдағы кездесуді кейінге қалдырдық»,-деп атап өтті Гомес.
«Бұл күнді біз емес, Golden Boy сұраған болатын»,- деп толықтырды Леффлер.
Атап өтсек, Головкин мен «Канелоның» алғашқы және екінші айқасы Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өткен еді. Ал қазіргі уақытта Невада штатының Спорттық комиссиясының сайтында Golden Boy Promotions және GGG Promotions ұйымдастырған бокс кешінің 2019 жылдың 4 мамырында болатындығы көрсетілген.