11:45, 16 Тамыз 2015 | GMT +5
Головкин мен Лемьенің жекпе-жегіне арналған ресми промо-ролик шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары боксшының кезекті жекпе-жегіне арналған ресми промо-роликті жариялады.
Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылдың 17 қазанында Қазақстан боксшысы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында 26 жастағы канадалық боксшысы Дэвид Лемьеге қарсы жекпе-жек өткізеді.
Геннадий Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында таза жеңіске (30 нокаут) жеткен. Ал Дэвид Лемье бокстағы мансабында 34 қарсыласын жеңіп, екі рет жеңіліс тапқан. 12 тамыздан бастап Головкин-Лемье жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты.