Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайтамада (Жапония) 9 сәуір күні бокс кешіне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл кештің басты оқиғасы орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы кездесу болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Қарсыластар орта салмақтағы IBF және WBA Super титулдары үшін жұдырықтасады. Салмақ өлшеу қорытындысы бойынша екі боксшы да санат шегін (72,5 келі / 160 фунтқа дейін) орындап, таразыда 72,5 келі салмақты көрсетті.

Сайтамадағы бокс кеші сенбі, 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Головкин мен Муратаның басты жекпе-жегі шамамен сағат 18:10-ға жоспарланған. Қос боксшының рингте кездесуін Qazsport және Qazaqstan телеарналарында тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.


Фото: twitter.com/GGGBoxing