Головкин мен Мюррейдің салмағын өлшеу рәсімі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей жекпе-жекке 30 күн қалғанда ұйымдастырылатын алдын ала салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлады BoxingNews24.com.
Өлшеу нәтижесі бойынша Геннадий Головкиннің салмағы 78,02 келіні, ал Мюррейдің салмағы 76,66 келіні құрады.
Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 21 ақпанда Монте-Карлода өтеді.