Головкин мен Рамирес 2017 жылы жұдырықтасуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Боб Арум қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хильберто Рамирестің 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында рингте кездесетініне бек сенімді, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин мен Рамирес 2017 жылы жұдырықтасуы мүмкін

Рамирес қаңтар айында рингке оралуы тиіс. Егер бәрі сәтімен болса, біз оны тезірек Головкинмен кездестіруге тырысамыз. Меніңше, бұл жекпе-жекті 2017 жылдың алғашқы жартысында ұйымдастыруға болады. Мен оған сенемін және GGG жеңеді деп ойлаймын, - деді Арум.

Головкиннің келесі кездесуі 10 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтеді. Онда Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады.