Головкин мен Рамирестің жекпе-жегі биыл күзде өтуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирес рингте биылғы күзде кездеседі, деп мәлімдеді Бұл туралы Sports.kz Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап деп хабарлады
None
None

«Қазір Рамирес 23 шілдеде Доминик Бричке қарсы өзінің атағын қорғап қалуды жоспарлауда. Содан кейін біз күзгі ұрысты жоспарлаймыз. Бәрі де жақсы болса, ол Головкинмен кездеседі. Мен Том Леффлермен әңгімелестім, біз бұл ұрысты өткізуге уағдаластық. Әрине, GGG-нің Канеломен кездескені дұрыс боладр еді, бірақ мексикандықтың оған құлқы болмай тұр. Есесіне, тағы бір мексикандық жауынгер - Хильберто Рамирес бар, ол шешім қабылдауда тайсалмайды. Оның Головкинге қарсы ұрыс салуға үміті бар», - деді Арум.

Бұдан бұрын, Головкиннің келесі қарсыласы британдық боксшы Крис кіші-Юбэнк болуы мүмкін екені хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар