Головкин мен Уэйд жекпе-жегі 23 сәуір күні өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша чемпион қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің чемпиондық белбеуін қорғау үшін келесі жекпе-жегін 23 сәуірде өткізеді.

Головкин мен Уэйд жекпе-жегі 23 сәуір күні өтеді

Оның қарсыласы IBF рейтингінде екінші орында тұрған америкалық Доминик Уэйд, деп жазады sports.kz.

East Side Boxing ақпаратына қарағанда, жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатындағы The Forum в Byukdelt аренасында өтеді.