Головкин менімен жекпе-жекке шыққысы келсе, қойған талаптарыма келісуі тиіс - Мигель Котто

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, пуэрторикандық Мигель Котто WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен өзінің қойған талаптарына келіссе ғана жекпе-жекке шығатындығын айтты.
None
None

«Дэниэл Гилмен жекпе-жекке ол менің қойған талаптарыма көнген ең атақты спортшылардың бірі болғандықтан шығып отырмын. Егер Головкин жұдырықтасуды қаласа, бізбен бірге отырып, әңгімелесіп, қойған талаптарымызға келісуі тиіс. Егер келіспесе - жекпе-жек болмайды. Менің талаптарымды жаттықтырушы Фредди Роучпен бірге анықтаймыз», - деген Коттоның сөздерін келтіреді BoxingNews24.com.

6 маусымда Котто Бруклинде австралиялық Дэниэл Гилмен рингте кездесуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар