Головкин менсіз ешкім емес - Альварес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге ашулы екенін және оған ауыр сөздер айтудан жасқанбайтынын жеткізді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

«Головкиннің мен болмасам, ешқандай салмағы жоқ. Осыншама ірі жекпе-жекте маған қарсы шығуына мүмкіндік бергенім үшін алғыс айтуы керек. Әйтпесе оның менсіз мұндай деңгейдегі айқасқа шығуы екіталай еді», - деді мексикалықспортшы  ESPN-ге берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар