Головкин Мейуезермен жұдырық түйiстiруi мүмкiн бе?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннiң (32-0, 29 КО) менеджерi Макс Германн болашақта Флойд кiшi-Мейуезермен (47-0, 26 КО) жекпе-жек ұйымдастыру жайында пiкiрiмен бөлiстi.

Головкин Мейуезермен жұдырық түйiстiруi мүмкiн бе?

«Геннадий алдағы уақытта Энди Ли мен Питер Куиллин кездесуiнiң жеңiмпазымен кездесуге ниетті, себебi ол титулдарды жинағысы келедi. Ол сонымен қатар, Мигель Коттоның титулына да үмiткер болып отыр, ол да көп ұзамай ұйымдастырылады деп ойламаймын», - дейдi Германн Boxingscene порталына берген жауабында.

- Мейуезермен жекпе-жекке келетiн болсақ, Геннадий үшiн ол мүмкiн емес дүние сияқты, жәй ғана қиял болып қалмақ. Бiз ондай мүмкiндiктi тiптi қарастырмаймыз да, себебi шешiлмейтiн мәселелер көп, - деді ол.