Головкин Мейвезер мен Пакьяо ізбасарларының ондығын бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Los Angeles Times басылымы «Бокстың келесі бетке ұстары кім болады?» материалында спорттық жолын аяқтаған Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо ізбасарларының рейтингін құрастырды, деп хабарлады Sports.kz.
ТОП-10-ты жеңілмеген орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин бастады, ол 35 рет жеңіске жеткен, оның 32 - нокаутпен.
«160 фунтта басымдығын танытқан Головкин Доминик Уэйд сияқты қарсыластарына оны жеңу мүмкіндігі жоқ екенін дәлелдеді», - деп жазды автор.
Ондық төмендегідей:
1. Геннадий Головкин
2. Роман Гонсалес
3. Сергей Ковалев
4. Андре Уорд
5. Василий Ломаченко
6. Теренс Кроуфорд
7. Сауль Альварес
8. Дэнни Гарсия
9. Лео Санта Крус
10. Деонтей Уайлдер