Головкин Мейвезер үшiн өте қауiптi - Джон Молина
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық кәсiпқой боксшы, жеңiл салмақта өнер көрсететiн Джон Молина қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен кiшi Флойд Мейвезер арасындағы айырмашылық тым көп деп есептейдi, деп хабарлайды Tofight.ru.
"Менiңше, Геннадий мен Флойд арасында айырмашылық тым үлкен. Головкин - өте жақсы боксшы және тамаша нокаутшы. Ол қарсыласын көргенде - бiрден сұлатады, шыбын құрлы көрмейдi. Мен жекпе-жек болады деп ойламаймын, Мейвезер үшiн ол қауiптi. Флойдты Виталий Кличкомен шығарғанмен бiрдей", - дейдi ол.
Еске сала кетейiк, Мейвезер биыл мамыр айында Мэнни Пакьяоны жеңгеннен соң, күзде соңғы жекпе-жек өткiзетiндiгiн мәлiмдедi. Оның мүмкiн қарсыласы ретiнде мамандар WBA және WBC чемпионы Геннадий Головкиндi атаған болатын. Бiрақ әзiрге Флойд Мейвезер әлi күнге дейiн қарсылас есiмiн атаған жоқ.