Головкин-Мюррей жекпе-жегіне қатысты мем-суреттер шықты - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда 21 ақпанда Монакода өтетін Геннадий Головкин мен британдық Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекке қатысты мем-суреттер танымалдыққа ие бола бастады.

Головкин-Мюррей жекпе-жегіне қатысты мем-суреттер шықты - ФОТО

Ғаламтор қолданушылары бір-біріне түрлі қызықты суреттерді жіберіп, оларға алда болатын жекпе-жекке қатысты пікірлерін жазуда.

Дегенмен пікір жазушылардың көпшілігі қазақстандық боксшының жеңіске жететіне сенімділік танытуда.

Айта кетейік, жекпе-жекке 7 күн қалғанда боксшылар салмақ өлшеуге қатысты. Геннадий 163 фунт (73,9 кг) салмақты көрсетсе, Мюррей - 165 фунт (74,8 кг) тартып, қарсыласын сәл салмақты болып шықты.

Геннадий Головкин WBA, IBO және WBCInterim нұсқалары бойынша әлем чемпионы екенін естеріңізге сала кетейік.