Головкин-Мюррей жекпе-жегінің билеті 200 еуродан басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен британиялық боксшы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға шықты, деп хабарлады sportnews.kz.
Билеттердің бағасы 203,5 еуродан 1003,5 еуроға дейін. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек 2015 жылдың 21 ақпан күні Монакода өтеді.