Головкин өз атындағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин Қарағандыдағы өз атындағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Жанар Өтешева Инстаграм желісінде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Головкин өз атындағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты

null
Бүгін Майқұдықта облыс әкімдігі атақты жерлесіміздің аты берілген спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

«Жаңа үш қабатты ғимаратта бассейн, мамандандырылған ауыр атлетика залы, мінбелері бар әмбебап спорт ойын залы және мамандандырылған бокс залы бар», - деп жазып, ашылу рәсімінен видео жүктеді.
null

The champ came home 🙌🏻

Публикация от Zhanar Utesheva (@zhanar_utesheva) Июн 7 2017 в 5:08 PDT