Головкин өз белдіктерін көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин демеушісі - мексикалық Tecato сыра қайнататын компаниясының фотосессиясына қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.
Маркетологтар Головкинді барлық - Бүкіләлемдік боксшылар кеңесі WBC), Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы (WBA), Халықаралық боксшылар федерациясы (IBF) және Халықаралық боксшылар ұйымы (IBO) нұсқалары бойынша чемпиондық белдіктерімен көрсету қажет деп есептеді.
Атап өтер болсақ, қазақстандыққа барлық титулдарды біріктіруге біреуі - қазіргі уақытта британдық боксшы Билли Джо Сондерске тиесілі Бүкіләлемдік боксшылар ұйымының (WBO) белдігі ғана жетіспейді.