Головкин өз демеушісіне көңілі толатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) сыра өндіретін мексикалық Tecate компаниясымен ықпалдастығы жөнінде айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин өз демеушісіне көңілі толатынын айтты

«Бокстағы демеушілер арасында көшбасшы болып табылатын - Tecate-пен жаңа келісім көңілімнен шығып отыр. Олар менің іс-шараларыма және мансабыма қолдау білдіріп отырғандарын мақтан етемін», - деп жазды GGG Твиттерде.

Еске салайық, сейсенбі күні Головкин Далласқа келіп, Tecate компаниясымен жаңа келісімшартқа отырды. Сондай-ақ осы қалада Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізу мүмкіндігін бағамдады.