Головкин өз есімі жазылған брендпен жаңа өнімді таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC/WBA/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жақын уақытта сатылымға GGG брендімен жаңа өнім түсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин өз есімі жазылған брендпен жаңа өнімді таныстырды

«#GGG-дің жаңа өнімі дайын және таяу уақытта сатылымға түседі», - деп жазды боксшы Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Jordan бренді Nike компаниясымен бірлесіп, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен рематчы алдында Геннадийдің есімі жазылған жаңа атрибутиканы шығарған болатын. Олар: «GGG» және «GGG No Draw» («Тең ойын болмайды») жазуларымен алдында сырмасы бар жемпір, бейсболка және екі ақ жейде.

Головкин мен «Канелоның» екінші айқасы алдағы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Айқасты отандық екі телеарна тікелей эфирден көрсетеді.