Головкин өзіне әдейі соққы дарытады дегенге сенбеймін - Фредди Роуч

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрторикандық боксшы Мигель Коттоның бапкері Фрэди Роуч егер оған дейін Сауль «Канело» Альваресті жеңетін болса, қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасатынын растады.

Головкин өзіне әдейі соққы дарытады дегенге сенбеймін - Фредди Роуч

«Егер Альвареспен жекпе-жекке қол жеткізіп, оны жеңсек, басқа не істеуіміз керек? Әрине, келесі кезекте Головкин. Ол мықты қарсылас, алайда Монромен жекпе-жекте өзінің осал тұстарын көрсетіп алды. Оның бапкері соққыға айқасты қыздыру мақсатында жол бергенін айтады. Бірақ оған сенбеймін. Мен боксшыларым өздеріне соққы дарытқанын еш уақытта қаламас едім», - деген Роучтың сөзін келтірді boxingscene.com.

Еске салсақ, бүгін Дэниэль Гилді нокаутпен жеңген Котто алда болатын Альвареспен жекпе-жекке шығатынын, содан кейін егер айнып қалмаса, қазақстандық Геннадий Головкимен кездесуге әзір екенін айтты.