Головкин P4P рейтингінде үшінші орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан Boxrec тұжырым бойынша (P4P) өз жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин  P4P рейтингінде үшінші орынға көтерілді

 Брукпен айқас алдында GGG 5-інші орында болатын, бірақ британдықты жеңуі оған ең үздік үштікке оралауға мүмкіндік туғызды.

Екінші орында - филиппиндік Мэнни Пакьяо, ал рейтингтің көш басында Головкиннің әлеуетті қарсыласы мексикалық Сауль Альварес «Канело» тұр.