Головкин Панамада Джейкобспен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин Панамада өтіп жатқан WBA Конвенциясында жүр, деп хабарлайды Sports.kz.
Панамада ұйымның орта салмақтағы «супер» чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин осы салмақтағы «тұрақты» чемпион Даниэл Джейкобспен (АҚШ) кездесті.
Головкинмен жекпе-жекке шығудың міндетті үміткері болып табылатын Джейкобстың әзірге өзінің жеке белдігіне міндетті үміткері бар - ол өткен сенбінің кешінде О'Салливанды тоқтатқан кіші Крис Юбенк.