Головкин рематч туралы: Төрешілердің кәсіби болғанын қалаймын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алдағы рематчта төрешілер өздерінің жұмыстарын тиісті деңгейде орындауы тиіс. Бұл туралы Қазақстандық боксшы боксер Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен оның жаттықтырушысы Абель Санчес айтты, деп жазады Sports.kz.
«Мен екінші кездесуде төрешілердің барынша кәсіби болғанын қалаймын», - деді Головкин.
Бұл жағдайға да Абель Санчес өзінің пікірін білдірді.
«Шындығында менің төрешілерге қатысты бірнеше сұрақтарым бар. Алайда осы жолы оларға көп қысым түсетін болады», - деп атап өтті Санчес.
«Канело» - GGG бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталды. Екінші айқас 15 қыркүйек күні сол жерде өтеді.