Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Головкин Review Journal нұсқасы бойынша үздік боксшылар тізіміне енбеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ReviewJournal.com сайтының 2017 жылдың үздік боксшылары жайындағы тізіміне орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) енбей қалған, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин Review Journal нұсқасы бойынша үздік боксшылар тізіміне енбеді

Басылым украиндық боксшы Василий Ломаченконы (10-1, 8 КО) үздік деп атаған. Сондай-ақ  Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО), Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО) және Энтони Джошуаны (20-0, 20 КО) атап өткен.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Головкин екі айқас өткізді. Наурызда ол Дэниэл Джейкобсты (33-2, 29 КО) жеңсе, қыркүйекте Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегін тең аяқтады.