Головкин Сан-Антонио қаласында медиа-ланч өткізіп, жанкүйерлерімен кездесті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында баспасөз мәслихаты мен медиа-ланч өткізді, деп хабарлайды kazsport.kz спортшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Головкин Сан-Антонио қаласында медиа-ланч өткізіп, жанкүйерлерімен кездесті (ФОТО)

Бұл сапарында Г.Головкин америкалық футболдан өткен «Даллас Ковбойз» пен «Филадельфия Иглз» арасындағы матчқа қатысты. «Даллас Ковбойз» клубының басшысы Джерри Джонс қазақстандық спортшыға оның аты жазылған командалық жейдені сыйға тартты. Сонымен қатар Геннадий Головкин өзінің жергілікті жанкүйерлерімен кездесті.