Головкин «Шымбұлаққа» шығып қайтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Қарағанды қаласында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысқан Геннадий Головкин аталған шарадан кейін бірден шетел аспай, Алматы қаласында аялдап, "Шымбұлаққа" шығып қайтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Головкин «Шымбұлаққа» шығып қайтты

Головкиннің ағасы Максим өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Шымбұлақ" тау-шаңғы базасына шығып түскен фотоларын жариялады.

Айта кетейік , 7 маусымда Геннадий Головкин Майқұдықтағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.