Головкин - Сондерс ықтимал жекпе-жегінің басты шарты аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен өз қамқорлығындағы боксшының қазақстандық Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін айқас туралы тағы да айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Сондерс ықтимал жекпе-жегінің басты шарты аталды

«Канелоны» қашан болса да, тіпті ол Головкинді жеңген жағдайда да Сондерспен жұдырықтасуы мүмкін деп ойламаймын. Ал GGG, меніңше, осы жекпе-жекке келіседі. Өйткені онда нағыз жауынгердің менталитеті бар. Ол бүкіл карьерасында осыны дәлелдеп келеді. Егер Сондерс Андрадені жеңсе, әлемнің үздіктерінің бірімен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді», - деді Уоррен Daily Star-ға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин мен Сауль Альварестің көптен күткен жекпе-жегі 15 қыркүйек күні өтеді. Сондерс америкалық Деметриус Андрадемен 20 қазанда кездеседі.