Головкин соңғы алты жекпе-жегінен қанша табыс тапты

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Головкин бүгінгі жекпе-жегінде кем дегенде 2,5 млн доллар ақшалай сыйақыға ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ол бұл кездесуде кем дегенде 2,5 млн доллар ақшалай сыйақы алады. Ал оның қарсыласы Дэниэл Джейкобс 1,75 млн долларға иелік етпек.

Сонымен қатар, боксшылар PPV-сатылымдардан пайыздық үлесін алады.

Жерлесіміз осыған дейін ең жоғары сыйақыны британиялық боксшы Келл Брукқа қарсы айқастан соң алған. Онда  Головкин 4 млн АҚШ долларын еншілеген еді.

Ал оның ең алғашқы ірі табысы 2015 жылы 21 ақпанда Ұлыбритания боксшысы Мартин Мюррэймен өткен жекпе-жекте тіркелген болатын. Онда 1,1 миллион АҚШ долларын олжаласа, екінші ірі табысы осы жылы 16 май күні АҚШ боксшысы Кіші Вилли Монромен кездесуінде орын алды. Бұл айқаста 1,5 миллион АҚШ долларын иеленді. Сондай-ақ, тағы да осы жылы қыркүйек айының 17 күні кезекті айқасында канадалық Дэвид Лемьемен өткен жекпе-жегінде 2 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

2016 жылы 23 сәуірде АҚШ боксшысы Доминик Уэйдті ұтқанда тағы да 2 миллион АҚШ долларына, ал осы жылы қыркүйек айының 10-ы күні Ұлыбритания боксшысы Келл Брукты жеңіп, спорттық карерасындағы рекордтық табысына қол жеткізген болатын. Бүгінгі жеңісіндегі табысымен қоса есептегенде Головкин соңғы алты кездесуінің қорытындысында 13,5 миллион доллар табыс тапты.

Соңғы жаңалықтар