Головкин тегеурінді соққыларының құпиясымен бөлісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде бренд дүкенін ашқаннан кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин осында жиналған журналистерге өзінің ең мықты орындайтын соққыларын көрсетті. Қазақстандық боксшы өзінің шеберлігін тек тәжірибе жүзінде көрсетіп қана қоймай, соққылардың техникасы мен өзінің кәсіби жетістіктері жөнінде айтып берді. Сонымен қатар осында жиналғандар GGG-дің күш-қуатының мүмкіндігін байқады, кейбіреулерінің онымен спарингке шығуға жүректері дауаламады, деп хабарлайды Sports.kz.
Too Much Power !!! 👊🏼💪🏼 @gggboxing Training Session #jordan #jordanbrand #boxing #poundforpoundking #Paris
#GGG 👊🏼👊🏼👊🏼🇰🇿🇰🇿🇰🇿@gggboxing @jumpman23 🙏🏿🙏🏿🙏🏿🏃🏿🏃🏿🏃🏿#GennadyGolovkin
GGG түрлі еуропалық басылымдардың журналистерімен тілдесіп, оларға бокстың кейбір элементтері туралы қызықты әңгіме өрбітті. Бұл туралы әлеуметтік желілерді сөз болды, деп хабарлайды Sports.kz.
@wuyue5 had the chance to train with #ggg at the Temple Noble Art in Paris today. Jordan event. 👊 @gggboxing #gennadygolovkin #golovkin #teamggg #france🇫🇷 #boxing #boxe #boxeo #jordanbastille #thesummitgym
Айта кетейік, Головкин Парижге Еуропада алғаш рет Jordan Bastille дүкенін ашу үшін келді.
Boxing session for media and fans at @templenobleart in Paris today. Jordan event. 👊👊 @gggboxing #ggg #gennadygolovkin #golovkin #teamggg #france🇫🇷 #boxe #boxeo #boxing
WBC, WBA, IBF және IBO дәрежелері бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылғы бірінші кездесуін Нью-Йоркте өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Дэниел Джейкобс WBA дәрежесінен міндеті үміткер болып табылады.
Фотолар мен бейнетүсірілмдер әлеуметтік желілердегі ашық аккаунттардан алынды