Головкин The Ring нұсқасы бойынша P4P рейтингінде үшінші орынды сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс туралы беделді журналдардың бірі The Ring сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
Алдыңғысымен салыстырғанда ТОП-10 өзгермеді. Роман Гонсалес көш бастап келеді, екінші орында Сергей Ковалев, ал Геннадий Головкин үздік үштікті тұйықтады.
Үздік он боксшы:
1. Роман Гонсалес
2. Сергей Ковалев
3. Геннадий Головкин
4. Андре Уорд
5. Гильермо Ригондо
6. Теренс Кроуфорд
7. Василий Ломаченко
8. Сауль Альварес
9. Шинсуке Яманака
10. Наоя Иноуэ.