Головкин The Ring нұсқасы бойынша P4P рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) беделді америкалық The Ring жорналының нұсқасы бойынша Pound for pound (P4P, салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінің ТОП-10-да екі сатыға көтерілді.

Головкин The Ring нұсқасы бойынша P4P рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты

Жаңартылған рейтингте Геннадий Головкин жетінші орынға тұрақтады. Америкалық кіші Флойд Мейвезер көш бастады. Одан кейін украиналық Владимир Кличко мен филиппиндық Мэнни Пакьяо тұр.

Еске сала кетейік, Головкин 16 мамырда Лос-Анджелесте рингке оралады. Оның қарсыласы Boxcino-2014 турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы 28 жастағы америкалық кіші Вилли Монро (19-1, 6 КО) болмақ, деп хабарлады Vesti.kz.