Головкин «The Ring» журналының мұқабасына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «The Ring» басылымы 2017 жылдың қаңтар айындағы шығарылымын жарнамалады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин «The Ring» журналының мұқабасына шықты

Бокс туралы танымал журналдың мұқабасына қазақстандық боксшы, орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин шықты. Біздің чемпион мұқабада Андре Уорд, Роман Гонсалес және Сергей Ковалевтармен бірге бейнеленген.