Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат  - WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) The Ring журналының студиясына барды, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты

Танымал басылымның редакциясы қазақстандық боксшыға мұқабасында Головкиннің өзі бейнеленген журналдың жаңа нөмірін таныстырды.

Еске салайық, Геннадий өзінің кезекті айқасын 16 қыркүйек күні өткізеді. Ол бәске The Ring журналы титулын тігетін мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады.