Головкин төрт айдың ішінде Эрисленди Ларамен жекпе-жекке шығуға тиіс - WBA
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы Эрисленди Лара (29-3-2,17КО) WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсыласы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Boxingscene ресурсына сілтеме жасап.
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Головкин-Альварес трилогиясына рұқсат беріп, қазақстандық жеңген жағдайда оған 5 күн ішінде супер орта салмақта қалу-қалмау жөнінде шешім қабылдауға уақыт беруге келіскен.
Сондай-ақ, егер Головкин орта салмаққа қайта ораламын десе, триология нәтижесіне қарамастан 120 күн ішінде Ларамен жұдырықтасуға міндеттелген.
Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі төрешілердің шешімі бойынша мексикалықтың пайдасына шешілді.
Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Геннадий Головкинн бокстан кетпейтінін мәлімдеді.
«Әрине, менің үлкен жоспарларым бар. Көздеп жүрген қарсыластарым көп. «Канелоны» құттықтаймын және бүкіл бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Жігіттер, естеріңде болсын, менің орта салмақта үш белбеуім бар. Мен әлі ораламын. Әлі де болса чемпионмын»,- деді Головкин.
Фото: sports.kz