Головкин тура Мэйвезер секілді - Джейкобс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) жақында болған Халықаралық бокс федерациясының (IBF)  Геннадий Головкинді  (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы белбеуінен айыру жөніндегі шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин тура Мэйвезер секілді - Джейкобс

Бұған Головкиннің белбеуін қорғау үшін Сергеей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) міндетті жекпе-жектен бас тартқаны себеп.  Нәтижесінде Джейкобс 27 қазанда Нью-Йоркте осы белбеу үшін украиндықпен кездесетін болды.

 «Мен Головкин Деревянченкодан сескенді деп есептемеймін. Бұл жай ғана бизнес. Головкин мұны түсінеді және қаржылық жағынан тиімді  әрі мансабына әсер ететін жекпе-жектің болуын қалайды. Әзірге ешкімге белгісіз жігітпен айқас оған қомақты ақша әкелмейді. Яғни, бұл жерде барлығы бизнеске тіреліп тұр», - деді Джейкобс.