Головкин туралы фильм көрермендерге жол тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің жанкүйерлеріне «Мен және бокс» деректі фильмін көруге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин туралы фильм көрермендерге жол тартады

«Ертеңнен бастап барлық Golden Boy Promotions платформаларында көрсетілетін «Мен және бокс» фильмін көріңіздер!», - деп жазды GGG Твиттерде.

Мексикалық Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя шығарған қысқа метражды фильм пресс-тур аясында Лондонда, Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте көрсетілген болатын.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Айқастың фавориті Геннадий Головкин болады деп есептелуде.