Головкин твиттер арқылы британиялық жанкүйерлеріне сәлем жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) твиттер арқылы өзінің Ұлыбританиядағы жанкүйерлеріне қайырылды, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин твиттер арқылы британиялық жанкүйерлеріне сәлем жолдады

«Менің британиялық жанкүйерлерім менің Джейкобспен болатын кездесуімді Box Nation телеарнасы арқылы көре алады»,-деп жазды ол микроблогында.

Осыған дейін британиялық Box Nation телеарнасының Головкиннің америкалық Дэниэлом Джейкобспен (32-1, 29 КО) 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін жекпе-жегін елде көрсету құқығына ие болғандығы хабарланған болатын.

Айта кетейік, аталмыш кездесуді тікелей эфир арқылы қазақстандық көрермендер де тамашалай алады. Оны «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары таратады.