Головкин-Уэйд жекпе-жегі «Форумда» рекордты аудитория жинады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекке 16 353 көрермен жиналды, деп хабарлады sports.kz.
«16 353 - дәл осынша адам #GolovkinWade жекпе-жегіне келген. «Форум» қайта ашылғаннан бергі ең көп аудитория бүгін жиналды», - делінген ВКонтакте-дегі GGG ресми тобының хабарламасында.
Еске салсақ, қазақстандық боксшы екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.