17:43, 04 Сәуір 2016 | GMT +5
Головкин - Уэйд жекпе-жегі сәуір айындағы маңызды кездесулердің ондығына кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) және америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) жекпе-жегі сәуір айындағы маңызды кездесулердің ондығына кірді.

Рейтингті Bleacher Report сайты құрастырды.
Олардың айқасы 23 сәуірде Лос-Анджелесте "Форум" аренасында өтеді. Қазақстандық үшін бұл WBA титулын 16-шы, IBO титулын 13-ші, WBC (Interim) титулын төртінші және IBF титулын бірінші рет қорғауы.