08:30, 11 Наурыз 2016 | GMT +5
Головкин-Уэйд жекпе-жегінің 10 мың билеті сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 сәуірде Лос-Анджелесте болатын Головкин-Уэйд бокс кешінің 10 мың билеті сатылды.

Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі GGG ресми тобы хабарлады.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) кездесуге дайындалып жатыр. Жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестің маңындағы The Forum аренасында өтеді. Арена сыйымдылығы - 17 500 орын.
Геннадий Головкин үшін бұл кәсіби карьерадағы 35-ші жекпе-жегі болады. Доминик Уэйд 18 кездесудің барлығында жеңіске жеткен. 12 қарсыласын уақытынан бұрын жеңген.
«Біз оны тексереміз, аз уақыт қалды, оның осал тұстарын іздеуіміз керек», - деді Уэйд сұхбаттарының бірінде.