Головкин Ұлыбританияда Сондерспен айқасуға әзір
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер қазақстандық боксшының WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен оның отаны - Ұлыбританияда шайқасуға әзір екендігін қуаттады, деп хабарлады sports.kz.
«Бұл мәміле қалай жүргізілетініне байланысты. Әлемнің барлық чемпиондарынан Геннадийдің ерекшелігі сонда, оған кіммен жұдырықтасса да бәрібір. Біз нағыз чемпионның образын жасағымыз келеді. Ол Панамада, Украинада, Монте-Карлода, Германияда, Нью-Йоркте және Лос-Анджелесте сайысқа түсті - оған бәрібір. Ең күрделісі - сайысатын жерді таңдау емес, онымен кім рингке шығатынына көндіру», - деген Лёффлердің сөзін келтірген Boxing Scene.