Головкин VIP-жанкүйерлеріне арнайы сый дайындап қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, WBC, IBF пен IBO тұжырымдары әлем чемпионы Геннадий Головкин жүздеген бокс қолғаптарына өз қолтаңбасын қойып шықты. Бұның барлығы алдағы жекпе-жекке келетін VIP-жанкүйерлеріне таратылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
GGG-дің қолтаңбасы бар қолғаптар арнайы VIP-пакетке кіретін болады. Ондай жиынтықта Лас-Вегас әуежайынан қонақ үйге дейінгі шығындар, сондай-ақ жатын орын бар. VIP-пакеттің бағасы бір адамға 7,600 долларды құраса, екі адамға оны 14,000 долларға сатып алуға болады.
Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен кездеседі. Аталған жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы "T-Mobile" аренасында өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда тікелей эфир 17 қыркүйекте таңертең көрсетіледі.