Головкин VS Альварес: Келісім бойынша тағы қандай мәселелерді реттеу керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің сөзіне қарағанда, бүгінде алда күтіліп отырған жекпе-жекті кеңінен жарнамалауға қатысты бірқатар келісімдерге келу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жекпе-жекті өткізетін орын, баспасөз мәслихаттары ұйымдастырылатын қалалар мен даталар, билеттердің саны мен бағасы - бұның барлығын әлі де талқылап, реттеу керек. Алайда біз Golden Boy-мен бәрін ойдағыдай шеше аламыз деп ойлаймын. Шыны керек, бұл жекпе-жек - үлкен оқиға. Сол себепті барлығы оны өз алаңында өткізуді қалайды. Әрине, әрқайсысы да үлкен бокс кешін өткізуге лайықты. Геннадий болса, кез келген жерде жұдырықтасуға дайын. Ол тарихи жекпе-жектерді өткізуді қалайды. Ал осы жолғы жекпе-жектің жөні бөлек», - деп атап көрсетті Лефлер UCNlive.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік , ағымдағы жылы 16 қыркүйек күні WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело»Альвареспен кездеседі. Ол жайында боксшылар өткен демалыс күндері өткен айқастан кейін жариялады. Сол жекпе-жекте Альварес өзінің жерлесі кіші Чавесті ұпай санымен ұтқан болатын. Алдын ала болжамға сәйкес, Альварестің соңғы айқасы GGG-ден жеті есе артық PPV жинады. 

Соңғы жаңалықтар