Головкин VS Альварес: кезекті проморолик жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісінде Головкин - Альварес жекпе-жегіне арналған кезекті проморолик жарияланды. Аталған жекпе-жек 16 қыркүйекте Лос-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Головкин VS Альварес: кезекті проморолик жарияланды

Айта кетейік, бұған дейін YouTube-тағы GOAT Boxing арнасы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің нокаутттарын салыстырып, арнайы бейнероликті жариялаған болатын . 

Осыдан кейін «Total war», яғни «Қырғынсоғыс» деп аталатын проморолик шыққан . 

Сондай-ақ, Головкин мен Альваресті мультипликациялық фильмніңкейіпкерлеріретінде көрсетті . 

Gizza Sport пен HBO Sports та өз промороликтерін жариялады . 

Жақында ғаламторда тараған тағы бір бесминуттық проморолик те өте қызықты болып шықты . 

GOAT Boxing арнасы GGG-дің үш қарсыласы -Кертис Стивенсон, Келл Брук пен Доминик Уэйдтың жекпе-жекке дейін және оданкейін айтқан сөздерін салыстырып, қысқа бейнебаянды да жариялаған болатын .