Головкин WBA чемпионынан да жеңілуі мүмкін бе

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Логан Гарсияның пікірінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварестен жеңіліс тапқан жекпе-жектегі айқасу тәсілін қолданатын болса, тағы да жеңіледі, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» Головкиннен қу әрі айлалы болды, сол үшін жеңіске жетті. Мексикалық боксшы арнайы жоспар әзірледі, ал оған GGG бейімделмеді. Бұл үшін бапкер Абель Санчесті, немесе Головкиннің өзін кінәлау керек. Егер Геннадий болашақта дағдыланып, айқаста қарсыласына ілесе алмаса, орта салмақтағы WBA «тұрақты» чемпионы Роб Брантпен жекпе-жекте де жеңіледі. Санчес таяуда берген сұхбатында оның GGG-дің болашақ қарсыласы болуы мүмкін екенін айтты. Егер Головкин «Канеломен» айқаста қолданған әдісін таңдаса, Бранттан жеңіледі. Ол өз кезегінде 12 раундта көп соққы бере алады. Қазан айында ол жапондық Риота Муратаға мыңдаған соққы беріп, жеңген еді», - деп мәлімдеді танымал шолушы.

Еске салайық, таяуда Брант Головкиннің болашақ қарсыласы жапондық боксшы Риота Муратаға апсет жасап, WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы «тұрақты» чемпион атанды. 

Соңғы жаңалықтар