Головкин WBA нұсқасы бойынша наурыз айының үздігі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша наурыз айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Головкин WBA нұсқасы бойынша наурыз айының үздігі атанды

Қазақстандық боксшы Головкин (37-0, 33 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша наурыз айының үздік боксшысы атынды. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсқа (32-2, 29 КО) қарсы жекпе-жегін өткізген болатын. Онда отандасымыз 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді. Бұл Головкин үшін кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы 37 жекпе-жек еді.